«Ұшқан ұя» атты ақпараттық сағат өтті.
25 қыркүйек күні Алға ауылдық кітапханасында “Ел болып оқимыз” жобасы аясында қазақтың қаһарман ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған «Ұшқан ұя» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолы жайында мағлұматтар берілді. Сонымен қатар оқырман оның ерлікке толы өмір жолын қысқаша таныстырып өтті.
Мақсаты: Батыр тұлғаның өмір жолы мен ерлік істерін, халқына сіңірген еңбегін таныстыра отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу



