«Ұрпаққа аңыз етіп айта жүрер» атты портрет кеші кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.

23 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай «Ұрпаққа аңыз етіп айта жүрер» атты портрет кеші кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Кітапханашы оқырмандарға апа – ағаларымыздың есімдерін ұрпақтардың санасында сақтап, батырларымыздың қандай тар жол, тайғақ кешулерден өткендігін ұғындыра отырып, қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы Б.Момышұлының өмір жолы мен шығармаларын таныстырып өтті. Шара соңында кітапханашы оқырмандарға кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасады.