«Ұлттың ұлы жазушысы» атты танымдық сағат өткізілді.
8 қазан күні Қонаев ауылдық кітапханасында білім мен ғылымның жарық жұлдызы Мақан Жұмағұловтың туғанына -100 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы жазушысы» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Мақан Жұмағуловтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мәлімет беріп, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, ел мен жер тағдырына арналған туындылары, көркем тіл мен ұлттық болмысты ұштастырған еңбектері таныстырылды.



