«Тұғыры биік тұлға – Қонаев» атты еске алу кеші өтті.
12 қаңтар күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Тұғыры биік тұлға – Қонаев» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы ұлтымыздың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ел тарихында айрықша орны бар екенін атап өтіп, «Дінмұхамед Қонаев және әулиеата өңірі» кітаптарына шолу жасады.

