«Тума талант иесі» атты поэзия сағаты өтті.

21 қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қ.Мырзалиев 90 жылдық мерейтойына орай «Тума талант иесі» атты поэзия сағаты өтті.

Мақсаты ақынның өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру; Оқушыларға талантты жерлес ақынымыздың шығармаларын мәнерлеп оқуға, сөз асылын түсіне білуге, туған жерін, ұлттық асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру керек екенін айтып өту. Оқушылар Қ.Мырзалиевтің кітабынан өлең шумақтарын мәнелеп оқыды.