«Туған жер төрім мәңгілік» тақырыбындағы сторитиллинг өткізілді.
13 мамыр күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жер төрім мәңгілік» тақырыбындағы сторитиллинг өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға туған жерді қалай қадірлеп қастерлеу керек екені жайлы, туған өлке тарихы туралы әңгімелеп , қатысушы оқырман Нұрбек Нұрбибі туған жер туралы өлең жолдарын оқып берді. Сонымен қатар «Берекелі Бірлікүстем» кітабымен таныстырылды. Бірлікүстем ауылының тарихы қайта парақталып,оның өсіп-өнуіне маңдай терін төгіп, із қалдырған атпал азаматтар туралы да айтылды.Туған жер туралы түрлі-түсті суреттермен таныстырылды.

