“Туған өлке тұлғасы” тақырыбында кездесу кешін өткізді.
30 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері С.Сейфуллин мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен Шу өлкесінде туып-өскен жергілікті жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының және Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі, “ҚР Қоғам Қайраткері”, “ҚР Құрметті азаматы” төсбелгілерінің иегері Сәрсебай Қалиұлымен “Туған өлке тұлғасы” тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Шара барысында жазушының өмірі мен шығармалары баяндалып, қаламгер оқушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде кеш иесі Сәрсебай Қалиұлы ағамыз өзінің еңбек жолы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, кешті ұйымдастырушылар мен тыңдарманға ақ тілегін арнап, ризашылығын білдірді.
Кеш соңында “Мақала – ой мен ізденістің жемісі”, “Төбе би-Төле би” т.б. кітаптары таныстырылды.

