“Толағай ақын,толастамас жыр иесі – Міржақып Дулатұлы” атты портрет кеші өтті.
10 қазан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ораз Жандосов атындағы орта мектепте қазақтың аса көрнекті ұлт зиялысы, жазушы, ағартушы, күрескер – Міржақып Дулатұлының – 140 жылдық мерейтойына орай “Толағай ақын,толастамас жыр иесі – Міржақып Дулатұлы” атты портрет кеші өтті.Мақсаты: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы, еңбегін таныту,Алаш зиялыларының тарихи рөлін насихаттау.


