«Толағай ақын, толастамас жыр иесі» тақырыбында портрет кеші өтті.
26 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапханасында жыр дариясына айналған ақын Әбілда Тәжібаевтың 115 жылдық мерейтойына орай «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» тақырыбында портрет кеші өтті. Мақсаты:Әбілда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқушыларды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді.

