«Тілім-тірлігімнің айғағы» атты әдеби кеш өткізілді.
5 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім-тірлігімнің айғағы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болатынына тоқталып, мемлекеттік негізгі атрибуттары және біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз – қазақ тілі екенін айтып өтті. Шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар тіл туралы өлең жолдарын оқыды.

