«Тілім – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел өтті.
5 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушыларының қатысуымен тілдер мерекесіне орай «Тілім – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кітапханашы өз сөзінде бәрімізге белгілі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, қазақ тілі жай ғана тіліміз емес, ол біздің дініміз, жүрегіміз арымыз. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы -ана тіліміз екендігі жайында айтып, кітапхананың тұрақты оқырмандары ақындарымыздың ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдерінен шашуын шашты .

