«Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында библиографиялық шолу өтті.

27 ақпан күні Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 Шу қалалық колледжінің білімгерлерінің қатысуымен көрнекті ақын, драматург, әдебиет, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында библиографиялық шолу өтті. Шара барысында кітапханашы Сыр өңірінде дүниеге келген, мөлдір поэзия әлемінің падишасының өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға мәлімет беріп, ақынның «Есімдегілер», «Жылдар, ойлар», «Таныс дауыс», Бес томдық шығармалар жинағымен таныстырып, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Нет описания фото.