“Тілдің мерейі-елдің мерейі” атты мәнерлеп оқу өтті.
23 сәуір күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы орта мектептің 2 сынып оқушыларының қатысуымен “Тілдің мерейі-елдің мерейі” атты мәнерлеп оқу өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі тәрбиенің негізгі құралы -тіл ол ұлттың тарихи көрініс белгісі деп айтып, оқушылар “Ана тілің -арың бұл”, “Туған тілім”, “Қазақ тілі” атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

