«Тіл-тірегім соғып тұрған жүрегім» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
4 қыркүйек күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл-тірегім соғып тұрған жүрегім» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, жұмбақ жасырып, оқушылардан сұрақ жауап алынды.Мектеп кітапханашысы Д.Қасымова “Ана тілі әр халықтың байлығы”, “Тіл-әр халықтың байлығы” екенін адам баласы тіл арқылы білімді де тәлім тәрбиені де, мәдениетті ғылымды тіл арқылы үйренетімізді атап айтты. Мақсаты:Білім алушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып сөз еркіндігіне баулау.

