«Тіл – татулық тірегі» тақырыбында библиошар өтті.
5 қараша күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында библиошар өтті. Кеш барысында кітапханашы тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсінісе білетін қатынас құралы ретінде үлкен маңызы бар екендігі жайлы айтты. Оқырмандар шар ішіндегі жасырылған тіл туралы мақал-мәтелдер сұрақтарына қызыға жауап берді.

