«Тіл мықты болу үшін мінез керек» атты оқырман конференциясы өткізілді.
16 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Жамбыл орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен драматург, аса көрнекті жазушы, публицист және қоғам қайраткері, халық арасында өзіннің көпқырлы таланты үшін «Сәкен- сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тіл мықты болу үшін мінез керек» атты оқырман конференциясы өткізілді. Шара барысында кітапханашы дарынды жазушының өмірі жолы мен шығармаларын насихаттап өтті.

