“Тіл менің- тірлігімнің айғағы” атты әдеби кеш өтті.
20 ақпан күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай “Тіл менің- тірлігімнің айғағы” атты әдеби кеш өтті.
Іс-шара кіріспе сөзбен ашылып, тіл туралы баяндамалар оқылды. Сондай-ақ екі топқа бөлініп тіл туралы мақал-мәтелдер және ұлы тұлғаларымыздан қалған дана сөздерін жарыса айтты. Кітапханашы шара соңында оқушыларды кітап сөресімен таныстырды.

