«Тіл-халық мұрасы» атты әдеби кеші болып өтті.
5 қыркүйек күні 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай орталық кітапханада «Тіл-халық мұрасы» атты әдеби кеші болып өтті. Оқырмандардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру және тіл мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген іс шараға Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Файзулина Қарлығаш Құрманғазықызы, «Шу өңірі», газетінің тілшісі Емберді Байжан Қанатұлы және №10 Шу колледж білімгерлері қатысты. Шара барысында кітапханашы тіл тарихы мен ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне тоқталып өтті. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары «Туған тілім тірегім», «Тілім менің тағдырым», «Тіл достықтың құралы» өлеңдерін оқып, Г.Бесіншібайдың орындауында К.Әзірбевтың «Қазақстан аймағы», М.Жапардың орындауында «Мәңгілік ел» әні шырқалды. Кеш соңында «Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырылды.


