«Тіл-ең асыл құңдылық» тақырыбында сұрақ-жауап өткізілді.
4 қыркүйек күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-ең асыл құңдылық» тақырыбында сұрақ-жауап өткізілді.
Кітапханашы тіл байлығы – әрбір елдің ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екені туралы айтып, оқушылар тіл туралы сұрақтарға тұшымды жауап берді. Шара соңында «Тіл-ең асыл құңдылық» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.




