«Тіл-достықтың тірегі» атты әдеби кеш өтті.
21 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтпаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл-достықтың тірегі» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында ана тілімізді құрметтеуге, тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсінісе білетін қатынас құралы ретінде үлкен маңызы бар екендігі жайлы айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздер айтып өздерінің ана тілге деген құрметтерін көрсете білді.

