«Тіл достықтың алтын көпірі» атты мәнерлеп оқу өтті.
11 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Алға орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл достықтың алтын көпірі» атты мәнерлеп оқу өтті. Іс-шара барысында кітапханашы бәрімізге белгілі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, қазақ тілі жай ғана тіліміз емес, ол біздің дініміз, жүрегіміз арымыз. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы -ана тіліміз екендігі жайында айтып, кітапхананың тұрақты оқырмандары ақындарымыздың ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

