«Тіл деген алып мұхит,түбі терең» атты поэзия сағаты өтті.
9 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Қ.Сәтпаев орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Тіл деген алып мұхит,түбі терең» атты поэзия сағаты өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен таныса отырып, шығармаларынан өлеңдерін жатқа айтып шықты. Шара соңынан кітапханашы М.Мақатаевтың «Аманат», «Есіңе мені алғайсың», «Өмір-өзен», «Тамаша айым-тамызым», «Жүрек арызы» атты кітаптарына шолу жасады.

