“Тілғұмырлар” атты кітаптары таныстырылды.
20 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Макаренко мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен 21 ақпан Халықаралық Ана тілі күніне орай “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты ақпараттық сағатын өткізді. Кітап көрмесіндегі Ә.Бәкір”Тіл тұғыры”, “Ұлт жаны”, Ө.Айтбайұлының “Тілғұмырлар” атты кітаптары таныстырылды. Мақсаты: ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, жас ұрпақты тілдің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.

