«Терроризм- адамзаттың қасіреті» атты ақпарат сағаты өтті.
10 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Алға орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризм- адамзаттың қасіреті» атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға терроризм, экстремизм туралы тереңірек түсінік беріп, оның себептерімен зардаптары, одан сақтану, алдын алу жолдарын түсіндіріп айты. Бейбітшіліктің маңыздылығын және мейірімділік пен ізеттіліктің , адамдарға жақсылық жасай білу өмірдің басты ұстанымы екенін түсіндірді.

