«Терорризм адамзаттың қасіреті» атты тәрбие сағаты өткізілді.

23 қаңтар күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен терроризм және діни экстремизмнің адамзатқа қаупі туралы түсінік беру және лаңкестік теракт қаупі төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қорғаныс шараларын үйрету мақсатында «Терорризм адамзаттың қасіреті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында терроризм, экстремизм, радикализм ұғымдарына талдау жасалынып, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Білімгерлерге Отан алдындағы жауапкершіліктің мазмұны түсіндіріліп, өзге діни ұйымдардың тұжырымдарына құлақ аспауға шақырылып, олардың мақсаты тек мемлекеттер арасында экстремистік жан-жалдар туғызу екендігі баяндалды.