«Термесімен тербеген Аяз ақын» атты өнегелі сағат өтті.

23 шілде күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Шу ауданының белгілі ақыны, термеші, жыршы әрі композитор Аяз Бетбаевқа арналған «Термесімен тербеген Аяз ақын» атты өнегелі сағат өтті. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, оқырмандар ақынның тәрбиелік мағынасы зор термелері мен өсиет өлеңдерінен үзінділер оқыды. Қазыналы халқымыздың, ата-бабадан мұраға қалған терме құдіретіне бүгінде бас имейтін қазақ болмас. Қай кезде де дәстүрлі өнер мәңгі есте қалатынына сенімдіміз.

Мақсаты: ауданымыздан шыққан ақынның ақындық дарыны мен композиторлығын дәріптеп, оқырман қауымға таныстыру.

Нет описания фото.