“Теміржол” колледж білімгерлерінің қатысуымен “Дін және қоғам” тақырыбында тич-ин өткізді.
26 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Теміржол” колледж білімгерлерінің қатысуымен “Дін және қоғам” тақырыбында тич-ин өткізді. Қонаққа Жамбыл облысы әкімдігі “Дін проблемаларын зерттеу орталығы” Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет мырза шақырылды. Шара барысында Нұрдәулет мырзв қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы, діни наным-сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін құрметтейтін, сананасы терең, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білу керектігі жайында айтты. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
Мақсаты: Діннің шығу тарихы, дін және заманауи өмір, толлеранттық және ождан бостандығы, руханилық туралы түсіндіру. Діннің тарихын, мәнін және оның қоғамда алатын орнын анықтап, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.



