“Тау тұлға қазақтың қаһарман батыры” атты библиографиялық шолу өтті.

29 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының шығармаларын насихаттау мақсатында “Тау тұлға қазақтың қаһарман батыры” атты библиографиялық шолу өтті. Шара барысында батырдың өмірі мен ерлік жолдарын дәріптейтін әдебиеттеріне шолу жасалды.