«Тарихымыздың қасіретті кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
30 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тарихымыздың қасіретті кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ісшара барысында кітапханашы бүкіл қазақ даласын күңірентіп, қалың қайғыға ұшыратқан оқиғалардың жаңғырығы бүгінгі ұрпақ санасынан өшпейтінін айтып, талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қанқұйлы жылдардың оқиғасынан ақпараттар берді. Сондай-ақ зұлмат жылдар құрбандары туралы айтып, кітап қорындағы тақырыпқа сай кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

