«Тарихымен жанған қаламгер» атты әдеби танымдық кеш өтті.

9 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тарихымен жанған қаламгер» атты әдеби танымдық кеш өтті. Аталған шарада қаламгердің өмір жолы мен повестері, қазақ тіліне аударған аудармалары баяндалып, жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан жазушының шығармалары туралы айтылып, «Ажар мен ажал», «Тұтқындар», «Қызым, саған айтам», «Жаралы гүлдер», «Қос анар» тағы басқа кітаптары насихатталды.

Возможно, это изображение 20 человек, люди учатся и текст