“Тарихы терең киелі өлкем” атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
2 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 4,8,10-сынып оқушыларының қатысуымен жазушы, журналист, Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерей тойына орай “Тарихы терең киелі өлкем” атты өмірбаяндық шолу өткізілді. Аталмыш шараға қатысқан Ақсу ауылының тумасы жазушы Шу ауданының құрметті азаматы Мәлібеков Сәт жазушының өмірбаянымен шығармаларымен таныстырып, кітапханашы жазушының “Аран”, “Сайқымазақ дүние”, “Шың мен Шынар”, “Сумен жазылған өлең”, “Шамаң келсе, шындықты айт”, “Күнге ғашық өлкеде”, “Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар» атты кітаптарымен таныстырып, кітапхананың тұрақты оқырманы А.Давлет “Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар” атты кітабының мазмұнын түсіндіріп, Ж.Александр ақынның шығармашылығынан әннен шашу шашты.

