«Тарихы терең, еңбегі ерен- Жамбыл өңірі» атты тарихи танымдық сағат өтті.

9 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Тарихы терең, еңбегі ерен- Жамбыл өңірі» атты тарихи танымдық сағат өтті.

Шара барысында Жамбыл жері тарихи ескерткіштерге бай өңірлердің бірі екендігі айтылып, видеоролик арқылы оқырмандарға тарихымыздан сыр шертетін ескерткіштер мен кесенелер, қалашықтармен таныстырылды.

Іс-шара соңында кітапханашы М. Рысдәулеттің «Әулиеатаның қасиетті орындары», «Шуақты өлке», А. Досымбаеваның «Жамбылым қандай тамаша», «Батыс түрік қағанаты» атты кітаптарына шолу жасады.

Возможно, это изображение 30 человек, люди учатся и текст