«Тарихты бастайтын сара жол» тақырыбында тарихи круиз өтті.
23 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл толуына орай «Тарихты бастайтын сара жол» тақырыбында тарихи круиз өтті. Аталған шарада кітапханашы «Ұлы дала» ұғымының пайда болуы, Әлемнің төрттен бір бөлігін жаулап алған Ұлы Монғол империясының тарихы мен тарихнамасы, Жошы ханның Ұлы дала тарихындағы орны жөнінде құнды деректермен таныстырды. Оқушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, толыққанды мағлұматтар алды.
