,,Тарихтан тағлым, өткенге тағзым” тақырыбында кітапхана оқырмандары мен тарих сағаты өткізілді.
30 мамыр күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ,,Тарихтан тағлым, өткенге тағзым” тақырыбында кітапхана оқырмандары мен тарих сағаты өткізілді. Мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.


