«Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты тарихи сағат өтті.
11 сәуір күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкері мен Ораз Жандосов атындағы орта мектеп кітапхана қызметкері бірлесе Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың 135 жыл толуына орай «Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ораз Жандосовтың өмірбаяны, қызметі жайында толық мағлұмат бере отырып, олардың білімге деген құштарлығын ояту. Өз мектептері неліктен Ораз Жандосовтың есімімен байланысты екеніне тоқтала келіп, өз ойларымен бөлісу. Қоғам қайраткерін үлгі тұтатын , Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

