,,Тарих төріндегі Әйтеке би” тақырыбында тарих сағаты өткізілді.
21 мамыр күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Саттар Естемесов мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен қоғам қайраткері, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі Әйтеке бидің 380 жылдығына орай ,,Тарих төріндегі Әйтеке би” тақырыбында тарих сағаты өткізілді.Іс-шара барысында Әйтеке бидің даналығымен,әділдігімен,шешендігімен ел бірлігі үшін, ел билеген озық, ойлы қайраткер туралы баяндама оқылып,белгілі жазушы Мұқадес Есләмғали ұлының ,,Әйтеке би” кітабынан ,,Сөз арасы” әңгімесі оқылды.

