«Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбында тарихи кеш өткізілді.
21 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбында тарихи кеш өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақ хандығының құрылуы,жалпы қазақ хандары ,батыр-билері туралы айта келе ежелгі қазақ халқының дамуы жолдары жайында айтып берді.
Мақсаты: қазақ хандығының құрылуы жайында ақпарат беру,оқырмандардың патриоттық рухын көтеру,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы қазақ хандығы туралы білімдерін кеңейту.

