«Талаптың мініп тұлпарын» атты әдеби печа-куча өткізді.

1ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері айдынды Арал жағалауында өмірге келген драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдық мерейтойына орай «Талаптың мініп тұлпарын» атты әдеби печа-куча өткізді. Шарада кітапхана меңгерушісі Әбділда атамыздың шығармашылығына шолу жасап, сондай-ақ ақын өзінің артына өшпестей етіп, үлкен мұра қалдырғанын айтып өтті. Оқушылар автордың жастық шағы мен қызметтес әртіптестерінің пікірлерінен үзінділер оқыды.

Нет описания фото.