«Табиғат-ұрпақ игілігі» атты жұлдызды қазына өткізді.
29 наурыз күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Табиғат-ұрпақ игілігі» атты жұлдызды қазына өткізді. Аталмыш шарада кітапханашы кітап қорындағы Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбековтың «Өсімдіктер әлемі», «Тірі табиғат»,«Жануарлар әлемінің үлкен атласы»,«Қазақстан қызыл кітабы беттерінен», Е.Раушановтың «Құстар біздің досымыз» атты кітаптарымен таныстырып, балалар жұлдызды қазынаға жасырылған табиғат туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. Мақсаты: адамгершілік – патриоттық сезімдерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

