«Тағдырмен тайталасқан тұлғалар» тақырыбында саяси сағат өтті.
29 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасында 31 мамыр – қуғын сүргін кұрбандарын еске алу күніне орай «Тағдырмен тайталасқан тұлғалар» тақырыбында саяси сағат өтті. Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған, қазақ халқының зиялылар туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге ұмытпауға тәрбиелеу. Шараға Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы: Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау-әрбір ұрпақтың парызы екендігін айтып, кітап көрмесімен таныстырды.

