“Т.Әлімқұлов шебер жазушы” тақырыбында әдеби сағаты өтті.

9 қазан күні  Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Бір ел-бір кітап” акциясы аясында таңдалған Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау барысында “Т.Әлімқұлов шебер жазушы” тақырыбында әдеби сағаты өтті. Іс-шарада жазушының алты томдық шығармалары оқырман қауымға таныстырылып,”Телқоңыр”,”Ел мен Жер”,”Кертолғау” шығармалары насихатталды.

Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқырмандардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық әдеби мұраға құрмет сезімін қалыптастыру.