«Төрлет, төл мереке-Әз Наурыз» тақырыбында мерекелік әуенді кеш өткізілді.

18 наурыз күні Орталық кітапхананың «Білім оралығында» №10 Шу колледж білімгерлерінің қатысуымен 22-Наурыз мерекесіне орай, «Төрлет, төл мереке-Әз Наурыз» тақырыбында мерекелік әуенді кеш өткізілді. Іс-шара барысында шашу шашылып, Қамшыбек Әмина «Ерке сылқым», Іңкәрбек Нұрай «Көңіл толқыны» күйлерін күмбірлете ойнады. Кеш соңына қонақтарға ақ дастарханнан дәм ұсынылып, науырыз көже таратылды.