“Тәулікке түскен тағдырлар” атты сыр – сандық өтті.
27 мамыр күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қу¬ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Тәулікке түскен тағдырлар” атты сыр – сандық өтті. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

