«Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы!» атты тарихи кеш өтті.
11 желтоқсан күні Тасөткел ауылдық кітапханасында «Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы!» атты тарихи кеш өтті. Кешке Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысып, тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын тарту етті. Мақсаты:Оқушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын терең түсінуіне ықпал ету.
Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Тәуелсіздіктің қадірін білуге, оны қорғауға, еліміздің өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.


