«Тұтас бір дәуірдің куәгері» тақырыбында библиофреш өткізілді.
2 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханшысының ұйымдастыруымен «Знамя труда» газетінің шыққанына 105 жыл толуына орай «Тұтас бір дәуірдің куәгері» тақырыбында библиофреш өткізілді.Іс –шараға барысында кітапханашы оқушыларға бір ғасырлық өмірі бар «Знамя труда» газетінің алғашқы шыққан жылдары туралы сөз қозғап,осы уақыт ішінде облыстың қоғамдық –саяси өмірін сан қырынан сөз етіп, тарихтың қатпарында жүйелі жаңалықтармен бөліскені туралы баяндалды. Оқырман Р.Рысқұл «Тараз» энциклопедиясы кітабынан газеттің шығу тарихы туралы оқыды.

