“Тұрар Рысқұлов – ұлы тұлға” атты тақырыбында тарих сағаты өтті.
26 желтоқсан күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым,публицист,тарихшы,дипломат Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай “Тұрар Рысқұлов – ұлы тұлға” атты тақырыбында тарих сағаты өтті.Шара барысында кітапханашы Т.Рысқұловтың өмірі мен халқына сіңірген еңбегі туралы айтып,оқушылар Т.Рысқұлов жайында өлең шумақтары мен ой-толғауларын мәнерлеп оқып берді.

