«Сыршыл ақын-Серік» тақырыбындағы өмірбаяндық шолу өткізілді.
23 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында жергілікті ақын Серік Томановтың шығармаларын насихаттау барысында «Сыршыл ақын-Серік» тақырыбындағы өмірбаяндық шолу өткізілді.Шара барысында кітапханашы Серік Томановтың өмірбаянына тоқталып, жас оқырмандар жыр аспанында жасындай жарқырап өткен Серік Томановтың өлеңдерін оқып, өмірден ерте өткен талантты ақынның «Тығырық» атты кітабы насихатталды.

