«Сыр сүлейі – жыр дүлейі» атты поэзия кеші өтті.

6 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдаструымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтің 115 жылдық мерейтойына орай оқырмандарға қаламгердің өмірбаянымен шығармашылығын таныстыру, өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту мақсатында «Сыр сүлейі – жыр дүлейі» атты поэзия кеші өтті. Аталмыш шарада толағай ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, жас оқырмандар ақынның өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып берді.