«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында пікір алмасу өтті.
25 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапханасында Д.Қонаев орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында пікір алмасу өтті. Іс-шара барысында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдын-алу шаралары түсіндірілді. Оқырмандар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

