«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбында ақпараттық релиз өткізді.

17 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тақырыптық жоспар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбында ақпараттық релиз өткізді. Іс-шараға «Алмас» гуманитарлық-техникалық колледж білімгерлері қатысты. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру мақсатында ұйымдастырылған шарада кітапханашы А.Басыбекова жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептері туралы ақпараттар айтып, білімгерлерді адалдыққа шақырды.

Нет описания фото.